Русский Сайттың толық нұсқасы

Brexit саммиті қарашаның 25-де өтуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2018
  • 2746

Енді шетел жаңалығынан аз-кем. Brexit саммиті қарашаның 25-де өтуі мүмкін. Бұл туралы Ирландия премьер-министрі айтты, деп хабарлайды «Интерфакс». Саммит бүгін Ұлбыритания ұсынған жоба мақұлданатын болса ғана өтеді. Бүгін Брекситтен шығу жоспарын енгізудің соңғы күні. Ұлыбритания әзірлеген келісім жобасына Еуроодақ елдерінің министрлері дауыс беруі тиіс. Дегенмен, барлығы ойдағыдай болмауы да мүмкін. Ұлибританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Борис Джонсон құжатты кері қайтаруға шақырып отыр. Келісімде 21 айлық өтпелі кезеңде Ұлыбритания Одаққа 39 млрд фунт стерлинг төлеуі тиіс. Бұл тым қымбат деп санайды. Солтүстік Ирландия мен Ирландияның шекарасына қатысы мәселе де қазір шешілуі тиіс. Егер, Еуроодақ пен Англия бейбіт келіссөзге келмесе, шекарадағы мәселе шиеленісе түспек. Яғни, паспорттық бақылау күшейіп, еркін сауда-саттық тоқтатылады.  

Борис ДЖОНСОН, ҰЛЫБРИТАНИЯ БҰРЫНҒЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ: 

Бұл келіссөзде біз Кеден одағында қаламыз, біз бірыңғай еуропалық нарықта қаламыз. Бұл бағынышты мемлекет болумен бірдей. Министрлер кабинеті дұрыс шешім қабылдап, бұл жобаны кері қайтарады деп үміттенемін .

А. Бектас