Русский Сайттың толық нұсқасы

3 жылда 19 мәслихат депутаты парақорлықпен ұсталды-Арман Бердалин

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2018
  • 4888

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық депутаттар арасында да өршіп тұр. Соңғы үш жылдың өзінде 19 мәслихат депутаты қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы өткізген брифингте белгілі болды. Биыл олардың 7-нің сыбайластыққа жол бергені анықталды. Соңғы кездері парақорлар тізімінде әкімдер мен орынбасарлары да жиіледі. Жыл басынан бері осы лауазымды қызметті атқарған 35 шенді қылмыстық жауапкершілікке тартылған.  

Арман БЕРДАЛИН, ҚР МҚІСЖҚА ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ: 

«Атырау-ақпарат» ЖШС құрылтайшысы Атырау облысының әкімдігі болып есептеледі. Соның басшысы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты ұсталды. Ол мердігер ұйымдардың өкілдерінен ірі көлемдегі пара алды,-деп күдіктелуде. Сотпен күдіктіге қатысты «Үй қамаққа алу» санкцияланды.

Агенттіктің Call-орталығына 10 айда 18 мыңнан аса шағым келіп түскен. Бұл былтырғыдан 8 пайызға жоғары. Ұлттық бюро 2000-нан аса қылмыстық құқық бұзушылықты анықтап, мемлекеттің 14,4 млрд теңгесіне қол сұғылғаны белгілі болды.  

А. Бектас