Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік компанияларды екі есе қысқарту керек-Т. Құлыбаев

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2018
  • 2632

Мемлекеттік команияларды екі есе қысқарту қажет. Тимур Құлыбаев бүгін бизнеті қорғау жөніндегі 3-форумда осылай деді. Қазір мемлекеттің экономикадағы үлесі Ішкі жалпы өнімнің 50 пайызын құрайды. Жеке бизнес дамытуы тиіс тасымал, логистика, сауда салаларын, яғни, нағыз бәсекелес ортаны мемлекеттік компаниялар жаулап алған,-дейді. Соңғы 18 жылда олардың саны 23 700-ден 26 600-ге көбейген. Заң бойынша мемлекеттік компанияларға 44 салада 348 қызмет түрі рұқсат етілген. Қысқартуға қарамастан, саны азаймай отыр. 

Тимур ҚҰЛЫБАЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ:  

Уақыт ойын талаптарын өзгерту керегін көрсетті. Квазимемлекеттік секторға ревизия жасап, олардың санын кемі екі есе азайту қажет. Оператор, агенттік тағысын тағыларға да қатысты. Қоғамға мемлектеттік команиялар жұмысының нәтижесі керек. Бұл жекекшелендірудің екініші толқынына жаңа серпін береді.  

М. Дюсекина