Русский Сайттың толық нұсқасы

Бастауыш партия ұйымдарын жетілдіру тұжырымдамасы қабылданды

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2018
  • 3336

«Нұр Отан» партиясының мүшелігіне ену саясаты жетілдіріледі. Олар өз кандидатын партияға онлайн түрде ұсына алады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумында айтылды. Өңірдегі партия ұйымдарын жетілдіру үшін 10 қадам, жиырма жоба әзірленді. Толығырақ тілші тарқатады.  

Бастауыш партия ұйымдарының мәртебесі «Нұр Отан» партиясының басты назарында. Еліміз бойынша 6 мың бастауыш партия болғанымен оның 15 пайызы ғана партия кеңесінің мүшесі екен. Оның 6 пайызы кеңеске мүшелікке сайланса, 2016 жылы 5 пайызы жергілікті мәслихатқа сайланған. Бұл-аз. Ұйымдар халықтың сеніміне ие болуы керек. Ол үшін атқарған жұмыстарды жиындарда ашық айту керек. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты. Форум қатысушыларына Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы құттықтау хатын жолдады.   

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Тәжірбиесі мол жергілікті көшбасшылар, жетекшілік етіп отырған бастауыш партия ұйымдары кадрлық резервті қалыптастырудың негізгі көзі. Олар сондай-ақ, азаматтық ұйымдармен бірге қоғамдық ықпалдастық орнатудың да маңызды буыны болуы тиіс. Партиямыздың алдында тұрған жаңғыру үдерістерін жүзеге асыру сіздердің күш-жігерлеріңізге тікелей байланысты.

Партия мүшелері Президенттің әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруда аянбай еңбек етулері керек. Керек болса мемлекеттік органдар мен әкімшіліктің де кемшіліктерін сынауға құқылы. Мәулен Әшімбаев осылай деді. Өйткені, 5 әлеуметтік бастаманы атқаруда кемшіліктер бар. Әсіресе, студенттерді жатақханамен қамту тапсырмасына қатысты мәселелер шешілмеген. Ол- жобалық-сметалық құжатты дайындау баяулығы, әкімдер мен ЖОО ректорлары инвесторлармен жеткіліксіз деңгейде жұмыс жүргізбей жатқандығы.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Жолдауды насихаттау мен бақылауда бастауыш партиялық ұйымдар да қатысуы керек. Олар жолдаудың қаншалықты орындалып жатқандығын өз өңірлерінен айтып отырулары тиіс. Егер, Елбасы тапсырмасы орындалмай жатқандығын көрсеңіздер, онда бұл ақпаратты ашық түрде айта аласыздар. Әкімшілік пен мемлекеттік орган туралы сын айтудан қорқудың қажеті жоқ. Партия жағдайдың бәрін өз бақылауына алады.

Бастауыш партиялар «Нұр Отанның» айнасы болуы керек. Аймақтағы партия ұйымдары өз өңірлеріндегі өзекті мәселелерді шешудің жолын іздеулері тиіс. 

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯ ФРАКЦИЯСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Міне осындай жұмыстарды ашық түрде кездесулерде көзбояушылық жасамай, мәселелерді көтеру арқылы солардың шешілуіне ат салысуымыз керек.

Форум барысында үздік партия ұйымдары марапатталды. Бірінші орынды Қарағанды,Атырау облысындағы ұйымдар иеленді. Бұл олардың алдағы жұмыстарына жаңа дем бермек. 

Нұрболат КҮЛБАЙ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ САТПАЕВ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Біз Қарағанды облысы жастары ретінде бастауыш партия ұйымының жұмыстарын жандандырып, цифрландыру, ІТ технологияларды қолдап, келешекте партия жұмысын одан әрі жандандырып, халықпен тікелей жұмыс істеуді көздеп отырған партияны қолдауға әрқашан дайынбыз.

Қамар БЕКЕТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:  

Біздің Қызылорда облысының бұл жерде ерекшелігі-2017-2018 жылдарды жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылдары деп жариялаған республикада жалғыз облыс болғандықтан, біздің осы бағытта жасаған жұмысымызда тәжірибие алмасуды сұрап жатыр. Сол үшін жергілікті атқарушы орган не істеп жатыр? «Нұр Отан» партиясының үлесі қандай? Рөлі қандай? Сол бағытта тәжірбие алмасып жатырмыз.

Уатхан ҚАБЫЛТАЙҰЛЫ, ТІЛШІ:  

Сонымен, форум өңірлерден келген делегаттардың тәжірибие алмасулары үшін ашық алаң болды. Олар Президент тапсырған әлеуметтік бастамалар бойынша атқарар жұмыстарын жіліктеп бөліп алды. Енді осындай форум екі жылда бір ұйымдастырылмақ.

У. Қабылтайұлы