Русский Сайттың толық нұсқасы

«Халық банк»-тың басқарма төрайымы қаржы нарығында кемшіліктерді атады

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2018
  • 2588

Банк қызметінде сапа жоқ. Капитализацияның аздығы, несие портфелі сапасының төмендігі мен сапалы қарыз алушылардың жоқтығы қаржы нарығына кері әсер етіп отыр. Ұлттық валютаның 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Қаржыгерлер конгресінде «Халық банк»-тың басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова осылай,-деді. Оның айтуынша, экономикаға шағын және орта бизнестің де кең етек жая алмай отырғаны да зиянын тигізбек. Қаржыгерлер конгресінде әлемдегі тенденциялар да сөз болды. Онда Пәкістан мен Қытай арасында сауда юаньмен жасалып отырғаны белгілі болды. Ал, біздегі кәсіпкерлер Ресейден басқа елдердің барлығымен доллармен сауда жасап отыр. Экономист Айдархан Құсайыновтың пайымынша, сауда әріптестермен ұлттық валютада төлем жасау үшін сыртқа сататын өнім болуы керек. Ол бізде әзірге доллармен сатылатын энергоресурстармен шектеліп отыр.  

Айдархан ҚҰСАЙЫНОВ, ЭКОНОМИСТ: 

Жақын әріптестермен ұлттық валютада есеп айырысуға бет бұратын кез жетті. Халықаралық сауда алаңында АҚШ ақшасымен сауда жасау 40-45 пайызға төмендеді. Ал, біздің кәсіпкерлердің 20 пайызы қазір Ресей рублімен есептеседі. Теңге тек ішкі сауда саттық құралы ретінде қалып келеді.

Р. Асқарбекұлы