Русский Сайттың толық нұсқасы

Анатол Стати Америкадағы Қазақстан активтерін өз бетінше ала алмайды-Әділет министрлігі

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2018
  • 2948

Колумбия сотының шешімі шыққанмен, молдовалық бизнесмен Анатол Стати Америкадағы Қазақстан активтеріне өз бетінше тыйым салып, өндіре алмайды. Бұл мәлімдемені Әділет министрлігі таратты. Бүгін америкалық сот шешімі шықты. Онда инвестор Анатол Статидің Қазақстаннан 525 млн долларды өндіру туралы талап-арызы қанағатандырылған. Дегенмен, Әділет министрлігінің хабарлауынша, сот Төрелік шешімді Колумбия Округінен бөлек, АҚШ-тың өзге штаттарында танудан бас тартқан. Яғни, бұл шешімнің басқа штаттарда күші болмайды. Активті өндіру үшін аумақтық соттың рұқсаты болу керек. Ол үшін Стати шетелдік мемлекеттердің егеменді иммунитеті туралы АҚШ Заңындағы ерекше жағдайлардың біріне жатпайтынын дәлелдеуі тиіс. Еске салайық, молдовалық бизнесмен Анатол Стати мен оның ұлы және компаниялар тобы Қазақстан үкіметі отбасы инвестициясын заңсыз иемденді деп айыптады. Стокгольм арбитраждық соты 2013-жылы бизнесменге 500 млн доллар өндіруге үкім шығарған. Қазақстан үкіметі бұл сомманы төлемегендіктен, Еуропада Ұлттық қор қаражаты мен Қашаған компаниясының үлесі бұғатталды. Ал, Қазақстан тарапы Анатол Стати алаяқтық жасады,-деп отыр.     


М. Дюсекина