Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл «Азық-түлік келісім-шарт» корпорациясы қызылжарлық диқандардан бидайдың 60 мың тоннасын сатып алмақ

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2018
  • 2694

Биыл «Азық-түлік келісім-шарт» корпорациясы Қызылжарлық диқандардан 60 мың тонна бидай сатып алмақшы. Бұл жайында біздің арна тілшілеріне мемлекеттік компанияның өкілдері айтты. Жуырда корпорация астықтың құнын жариялаған болатын. Биыл бидай бағасы шамамен 30 пайызға қымбаттапты. Үшінші класты бидайдың тоннасы 54 мың теңгеден қабылданып жатыр.  

Сағат ТӨЛЕУ, «АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰК» АҚ СҚОФ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қосымша құн салығын төлейтін шаруашылықтар үшінші класты бидайды бізге 54 мың 300 теңгеден тапсырады, ал аталған салықты төлемейтіндер 48 мың 842 теңгеден. Биыл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша үшінші сұрыпты бидайдың 60 мың тоннасы сатып алынады.

Шаруалар ұлттық компания ұсынған бидайдың құны нарықтық бағадан да жоғары деп отыр. Оның үстіне корпарацияға қанша астық өткізсе де шектеу болмайтынына дән риза.  

А. Құрманкин