Русский Сайттың толық нұсқасы

Қала жастары ауылдық бизнесті дамытуда

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2018
  • 5051

Қызылордалық жап-жас фармацевт мемлекеттен көмек қаражат алып, ауылда жылқы бағуға көшіп кетті. Бүгін өңірде өткен жастар форумында батыл қыздың бастамасы біразды таңқалдырды. Келесі жылы «Жастар жылы» болып белгіленді. Бұл көпшіліктің өз потенциалын көрсестуге мүмкіндік болмақ. Жастардың жан-жақты дамуына не қажет? Шарипа Сақтапова тарқатады. 

22 жастағы Карина Шинебаева қалада туып, өскен. Дегенмен, оның бастамасы форумға жиналғандарды таңқалдырды. Дәріхана фармацевты болып жұмыс істеген ол өмірін түбейгелі өзгертіп, қазір ауылда мал шаруашылығын дамытуға білек сыбана кірісіп кеткен. 

Карина ШИНЕБАЕВА, КӘСІПКЕР:   

Агрохолдинг арқылы Үкіметтен 10 миллион теңге несие алып, оған жолдасым екеуміз 29 бас жылқы сатып алдық. Өзіміздің жеріміз бар еді, соған көкөністер егіп, тауық, үйрек, қаз бен қоян өсіре бастадық. Үш адамды жұмысқа алдық. Келін болғандықтан барлығына үлгеруім керек қой. Алғашқы 2-3 жыл қиын болары анық, тек инвестиция салып отырамыз. Бірақ, болашақта барлығы жақсы болатынына сенімдіміз

Наубайшы, тігінші, имиджмейкер, ресторатор, архитектор, құрылысшы. Бұл бүгінгі іскер жастар машықтанған мамандақтар. Дегенмен, ауыл жастарын кәсіп ашуға тарту, оларды өз ойларын ортаға салып, аудитория алдында сөйлеу мәдениетіне үйрету қажет,-дейді жиналғандар. Ол үшін жобалар мен идеяларды талқылайтын коворкинг орталықтары қажет.    

Әділ ЫБЫРАХИМ, «ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ:  

Жастар ресурс орталықтары бүгінгі таңда Қармақшы ауданында коворкинг орталықтарын айналдырып жатыр. Оны бюджеттен тыс жас кәсіпкерлердің көмегімен жүзеге асырудамыз. Дәл осындай бастаманы келесі жылы бес ауылда пилоттық жоба ретінде көргіміз келіп отыр. Бұл, біріншіден, біздің жастарымыз бейресми форматқа көшу.

Форумда жастар тарапынан ұсыныстар пен тілектер көп айтылды. Оның бірі-фин жастарының тәжірибесін енгізу.   

Нұрлыбай НАУРЫЗБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСТАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Бүгінгі таңда біз «Жастар жылында» не атқаратынымызды, соны пысықтап, бір зерделеп алуымыз қажет. Себебі, «Жастар жылында» тек қана бір ауқымды, маңызды, бір реттік іс-шаралар емес, ең бастысы-ауыл жастарын, оның ішінде-қалада тұрып жатқан әртүрлі жастардың осал топтарын қоғам өміріне қосуға, әлеуметтендіруге бағытталған үлкен маңызды, кең ауқымды бірнеше сатыдан тұратын жобаларды іске асырған жөн.

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев жастар форумы қатысушыларына арналған сөзінде, цифровизация мен озық технологиялар дәуірінде әрбір жас алғы шептен табыла білу кереігін атап өтті. Ел болашағы тек бәсекеге қабілетті жастардың қолында екені баса айтылды.  

Ш. Сақтапова