Русский Сайттың толық нұсқасы

Арзан көліктер туралы ақпарат жалған

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2018
  • 7489

Астанада арзан көліктер сатылып жатыр деген ақпарат жалған. «Каспий банк» жұртты алданып қалмауға шақырды. Бәз біреу «Ватсап» желісі арқылы тараған үндеуде банк кепілдегі көліктерді жаппай сатылымға шығарды деп жар салған. Салдарынан Астанадағы банк бөлімшесіндегі автотұрақ маңында танертең адамдар қаптап кетті.  

Мынау жаңағы ескі машиналар бар, олар енді қымбат все равно. Рыночный ценамен есептегенде бірдей шығады..

Аукционға барғанда да 30 мың беріп кіресің деп естідім енді. Шын өтірігін білмеймін.

Ватсап қой... Армандаған машинаңды таппайсың «короче». Өтпей тұрған ғой машина, сол үшін шығар...

Жалған ақпарат «Құрбандарын» түстен кейін күзет қызметі таратып жіберді. Банк өкілдері әлдекімдерге сеніп алданып қалмауға шақырып отыр.  

Ербол АЗАНБЕК, «KАSPI BANK» АҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Автокөліктер төмен бағамен сатылып жатыр деп ойлап, автотұрақтың айналасына бүгін 200-ге жуық адам келген. Арзан бағада көлік аламыз деген оймен. Өкінішке қарай, бұл жалған ақпарат. Шын мәнінде, кепілдікте тұрған автокөліктер сатылады. Бірақ, күнделікті банктік процедура негізінде сатылады. Арнайы акция немесе төмендетілген баға деген жалған ақпарат.

А. Сейфулла