Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеліктер лаңкестіктен қорғануды үйренуде

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2016
  • 2255

Ақтөбеліктер лаңкестіктен қорғануды үйрене бастады. Астанадан келген арнайы топ мамандары жергілікті тұрғындарға қауіп-қатер кезіндегі іс-қимылдарды түсіндіріп жатыр. Оған шамамен 57 мыңдай адам тартылған. Мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарында тәжірибе сабақтары өтті. Онда лаңкестік қылмыстар көрсетілген бейнетаспа арқылы қауіпсіздіктің алғашқы қадамдары түсіндірілді. Сонымен қатар тәжірибе жүзінде жергілікті құқық қорғаушылармен біріге арнайы жаттығу да ұйымдастырылмақ.

Төлеген Ғалымтай, ҚР ІІМ өкілі:

Бастысы дер кезінде хабар беру. Яғни құқық қорғаушылар мен басқа да құзырлы органдарға жеткізу. Олар уақытында әрекет етуі тиіс. Екіншісі, дереу эвакуациялау. Ол үшін арнайы алдын ала дайындалу керек. Яғни ғимараттың жоспарын біліп, сырттан келушілерге жол сілтеу. Және басқа да әрекеттерді түсіндіреміз.

Мансұр ЕСҚОЖИН