Русский Сайттың толық нұсқасы

Ішкі істер органдарының қызметін дереу реформалау қажет-Н.Назарбаев

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2018
  • 3781

Ішкі істер органдарының қызметін дереу реформалау қажет. Сот жүйесін жаңғырту жөнінде Ақордада өткен жиында Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсыра берді. Онда Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев және Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасады. Мемлекет басшысы бүгінде полицейлердің азаматтармен қарым-қатынасы ескі қалыпта екенін атап өтті. Және органдарда қажетсіз жұмыс орындарын қысқарту керегін айтты.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Необходимо освободиться от всего лишнего и сосредоточиться на борьбе с преступностью и охране правопорядка. Будут оптимизированы звенья, в результате чего на одного руководителя будет приходиться не три, а пять подчиненных. Штатная численность сократиться на 10%. Данные меры приведут к снижению количества полицейских на душу населения с 471 до 424 на 100 тысяч граждан, что сопоставимо со средним европейским уровнем. При этом будет сэкономлено 16 миллиардов тенге.  

Ослайша, Ішкі Істер Министрлігіне қарасты 12 оқу орнының тек үздік деген 5-і ғана қалады. Ал, жұмыстағы полицейлерді кезектен тыс сынақ күтіп тұр. Одан сүрінгендердің орнын заң факультеті түлектері басады. Ал, үнемделген қаражат қызметкерлердің еңбекақысы мен тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталмақ. Бұған қосымша 21 миллиард теңге жұмсалады.  

Ә. Өмірзақ