Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық компаниялардағы ауыс-түйіс

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2018
  • 2203

Елімізде екі бірдей Ұлттық компанияның басшылары ауысты. «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы болып Алик Айдарбаев тағайындалды. Айдарбаев әр жылдары мұнай компанияларында басшы лауазымдарын атқарған. Маңғыстау облысының әкімі, Инвестициялар және даму министрінің орынбасары. Биыл 15 қаңтардан бері «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды. Ал, «ҚазМұнайГаз» компаниясының бұрынғы төрағасы Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жолы» басшылығына келді. Мыңбаев соңғы бес жылда «ҚазМұнайГаз» компаниясын басқарған. 

М. Дюсекина