Русский Сайттың толық нұсқасы

Ветеринарлар Ресейдің 90 бас ірі қарасын Қазақстан аумағынан шығаруды талап етуде

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2018
  • 3505

Ал, Қарағандылық ветеринарлар Ресейден келген 90 бас ісі қараны кері қайтаруды талап етіп отыр. Бір табын мал Ақтоғай ауданындағы екі бірдей шаруа қожалығынан тәркіленген. Челябинск облысынан жеткізілген түлік «Аусыл»-ға шалдыққан деген күдік бар. Енді асыл тұқымды сиырдың 5 күнде көзін жою қажет деп отыр. Айжан Қуаш тарқатады.  

Ақтоғай ауданының фермерлері мал басын асылдандыруды жоспарлап, мемлекеттен «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алған. Содан 50 млн тенгеге «Герефорд» тұқымды 90 бас ірі қараны Ресейдің Челябинск облысы «Варшава» фермасынан сатып алған. Қарағанды облысына еш кедергісіз жеткен түлікті енді кері қайтаруды немесе көзін жоюды талап етіп отыр,-деді шарасыз күй кешкен шаруа қожалық иелері.  

Қайыржан КӘДІРБЕРЛИН, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ «АЙНАБҰЛАҚ» ШҚ БАСШЫСЫ: 

Нодулярный дерматитке, ящурге, бруцеллезға, әртүрлі ауруларға жоқ деген бүкіл справкалары бар. Бірақ, бізге малды карантинге қоймаймыз,- дейді. 35 млн алған несиемді, 3 машинамен келе жатырмыз, сол шығынымды кім өтейді?

Серікжан САҒЫНДЫҚ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ «СӘБЕН» ШҚ БАСШЫСЫ: 

Челябинск облысы Қазақстанға жабық,- дейді. Ол жақта малы таза. Малдың қанын алып, тексеруін сұраймыз.

Ветеринарлардың айтуынша, екі шаруа да заң бұзған. Ауыл шаруашылық министрлігі кәсіпкерлерге аталған өңірден «Герефордтарды» әкелуге тыйым салған. Енді 5 күннің ішінде мал түгелдей жойылуы тиіс. Ал, шаруалар әкімшілік жазаға тартылмақшы.    

Марат МҰХТАРОВ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Мал иелерінің жағынан заң бұзушылық тіркеліп отыр. Неге десеңіздер, РФ Челябинск облысында аса қауіпті аурулар тіркелген болатын. «Нодулярный дерматит» пен «Аусылға» қарсы вакцина қолданады. Қарағанды облысы аусылдан таза аймақ. ҚР заңнамасына сәйкес, ол өңірлерден мал тасымалдауға болмайды.

Кәсіпкерлер шарасыз. Олар қып-қызыл ақшаға сатып алған малға қан сараптамасын жасап тексеруді, тіпті уақытша карантин жариялауды сұрайды. Мамандар қазір Ресейдің ветеринария қызметі берген анықтамаларды тексеріп жатыр. Олар Қазақстан тарапынан салынған тыйымға қарамастан неге мал сатқанын да анықтамақшы. Отандық ветеринарлар наразылық хат жолдап үлгерген. Ал, 90 бас ірі қара Қарағанды қаласында жолда қамаулы тұр. Олардың тағдыры 5 күн ішінде шешілуі керек.     

А. Қуаш