Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұрлы жол»-мен бизнесті дамытуға бөлінген қаржы дұрыс игерілмей жатыр

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2018
  • 2129

«Нұрлы жол» бойынша бизнесті дамытуға бөлінген қаражаттың игерілуі кезінде қарама-қайшылықтар анықталды. Бөлінген сома мен түскен салық арасы тым алшақ,-дейді депутаттар. Ал, ақшаны үлестіруге жауапты Ұлттық компания өкілдері қаржы екінші деңгейлі банктер арқылы түгел таратылды деп отыр. Жалпы, 2015-2019 жылдарға арнап кәсіпкерлерді қолдауға «Бәйтерек» арқылы 100 млрд теңге бөлінген.  

Бақытгүл ХАМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫ МҮШЕСІ:

Мынау қай өңірлерде қазір жеке кәсіпкерлікті осындай қыруар ақша бөлінгенде қай өңір көптеген пайызды алып тұр. Кәсіпкерлігін бастауда. Екінші 12 банк дегенде бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктерден қандай банктің тізімін айтар едіңіз?

Ерсайн ХАМИТОВ, НҰХ «БӘЙТЕРЕК» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:  

Банктерге берілген лимиттар несие есептері арқылы берілді.Сол кезде активтері бойынша ең жоғарғысы «Халық банк» сәйкесінше, оларға ең қомақты сомма бөлінді.16 млрд теңгеден астам қаржы берілді. Екінші орында «Казкомерцбанк». Ал, қай өңірге бөлінгенін айтсақ ол үлкен жоба,сондықтан нақты кесте түрінде сіздерге жазбаша түрде жіберейін.

У. Қабылтайұлы