Русский Сайттың толық нұсқасы

2017 жылдан бастап зейнетақы 9 пайызға көтеріліп, базалық зейнетақы 12 802 теңгені құрайды

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2016
  • 2096

2017 жылдан бастап зейнетақы 9 пайызға көтеріліп, базалық зейнетақы 12 802 теңгені құрайды. Бұл туралы Мәжілісте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасын таныстырған вице-министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Базалық зейнетақы мен ынтымақтастық негізгі зейнетақыны қосқанда, орта мөлшері есеппен 60167 теңгені құрайды. Барлық әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2017 жылдың бірінші қаңтарынан да 7 пайызға арттырылады.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындағанда еңбек өтілінің мерзімі ескерілетін болады. Сонымен қатар 2018 жылдың қаңтарынан жұмыс беруші қол астындағы жұмысшыларына бес пайыз зейнетақылық төлем жасауға міндеттеледі. 2017 жылы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласына бюджеттен 3 трлн 104 млрд теңге көзделіп отыр. Ал 2018 жылға 3,4 трлн және 19 жылға 4 триллиондай теңге бөлу жоспары бар.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ