Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ассенизатор жүргізушілері қалдық төгетін орынның бағасына наразы

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2018
  • 3398

Алматыда кәріз қалдықтарын таситын көлік жүргізушілері жаңа құдықтарға қоқыс төгуге қарсылық білдіріп жатыр. Өйткені, онда қызмет құны төрт есеге қымбаттап кеткен. Бұлай болса, жүргізушілер бір тиын пайдасыз қалатын түрі бар. Ал, жаңа құдықтарды қымбатқа жабдықтаған компания өкілдерінің өз айтары бар. Олжас Нұржақыптың бейнематериалы.   

Мына көліктер жер үй тұрғындарының тұрмыстық қалдықтарын жинап, қаладан тыс арнайы орынға апарып төгеді. Ол үшін көлік иесі әр үйден 4 мың теңге алады. Кәріз суын төгетін орынға әр кірген сайын 500 теңге төлейді. Енді оларды жаңа орынға баруға мәжбүрлеп жатыр. Жүргізушілер оған қарсы.  

Өзімнің жеке көлігіммен жұмыс істеймін. Маған қалдықтарды неғұрлым жақын жердегі орынға апарып төккен ыңғайлы. Бірақ, бізге жаңа орын ұсынып отыр. Ол менің қалтама ауыр тиеді. Ол жерде бір кіргеніңе 2000 теңге төлейсің. Оған жетем қаладағы кептеліспен жанармай жағасың. Оның үстіне жолда сені тоқтататын экология мамандары бар. 4000 мың теңгеден түк те қалмайды. 

Бензинге мың жарым төлесек, экологияға төлесек, бізге 500 теңге ғана қалады. 500 теңгеге не аласыз қазір бір қорап шай де келмейді. Мынау баяғыдан бері істеп жатқан слив. Пригородқа да жақын, қаланың сыртында, ешкімге, экологияға мешать етпейді. 

Жаңа кәріз колекторы биыл жазда 4 шағын ауданнан ашылған. Бәріне бір мекеме жауапты. Олардың өз есебі бар.   

Марлен МҰҚАНОВ, «ИБРАИМОВ» ЖК ДИРЕКТОРЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:  

Біз заман талабына сай қондырғы орнаттық. Құны 7 миллион теңге тұратын техниканы біз жалға алдық. Жалға ай сайын 900 мың теңге қаржы төлейміз. Ол төгілген су мөлшерін есептеп, экология тазалығына жұмыс істеп тұр. Одан бөлек электр энергиясы, кәріз қызметі, жұмысшылар еңбекақысы тағы бар. Сонымен, барлық шығынды есептей келе осындай баға қойып отырмыз. Ол енді өзгермейді.

«Алматы су» холдингінің дерегінше көлік жүргізушілері жыл бойы қалдық төгіп жүрген орын заңсыз жұмыс істеп келген. Тұрғын үй ретінде тіркеліп, кәсібін дөңгелеткен. «Алматы су» оларға бірнеше мәрте ескерту де жасаған. Бірақ, олар да үнсіз қалған жоқ.   

Нұржан АБРАМАНОВ, КӘРІЗ КОЛЛЕКТОРНЫҢ ҚОЖАЙЫНЫ:

Егер, біз талапқа сай келмесек, заңсыз болса неге бір жыл бойы менен ресми төлем алып келдіңіздер? Қалдықты ағызғандарыңыз рас қой?! Егер, ағызғанымыз рас болса, неге төлем талап еттіңіздер?

Тараптар қалдық төгетін бұрынғы орын ресми тіркелсе, ортақ шешімге келетін болды. Ол үшін кәсіпкерге екі ай мерзім берілді. Осы уақыт аралығында рұқсат құжаттар болмаса, ассенизатор жүргізушілері қаладағы жаңа орындарға баруға міндетті. 

О. Нұржақып