Русский Сайттың толық нұсқасы

Бозоқ қаласы туристік-мәдени орталыққа айналады

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2018
  • 4894

Бозоқ қаласы халықаралық деңгейдегі туристік-мәдени орталыққа айналады. 2020 жылға дейін қалашық аумағында музей кешені салынып, ауқымды ғылыми-әдістемелік база құрылмақ. Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа мақаласын талқылаған жиында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов осылай,-деді. Бозоқ- Астананың тарихы тереңде жатқанын дәлелдейтін бірегей нысан. Шамамен VIII ғасырда Нұра өзенінің Есілге құяр тұсында өркениеті дамыған қалашық болған. Тарихшылар табылған жәдігерлерге қарап, оны сол кездегі билеушілердің ордасы деп біледі. Қала әкімі қыпшақтар мекенін әлемге таныту маңызын атап өтті.  

Бақыт СҰЛТАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Біз, сонымен қатар, Бозоқ қалашығының 3Д моделін жасау жобасын қолға алдық. Онда виртуаллы шындық элементтері мен орта ғасырдағы Қазақ елінің мәдениетін көрсететін археологиялық байлықтардың көріністері болады. Кез келген адамға орта ғасыр тарихымен танысуға үлкен мүмкіндік туады.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарихшылардың алдына үлкен мақсат пен міндет қойып отыр. Жиын барысында төл тарихымызға туристік көзқараспен ғана қарауды доғару керек деген пікір айтылды. Шетелдік және отандық архивтердегі құнды жәдігерлерлерді түгел зерттеп, ғылыми айналымға, оқулықтарға түсіргенде ғана тарих түгенделмек.  

Ерлан СЫДЫҚОВ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ РЕКТОРЫ: 

Осындай еркін елдің саналы, тарихи санасы қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеудің жолдары, ол насихат өз алдына, ең бірінші-мектеп пен оқулық. Оқулыққа енбейінше, жүйеге түспейінше біз бұл құндылықтарымыздың бәрін ұқтыра алмаймыз.

А. Сейфулла