Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан мен Шымкентте мүлік пен жер салығы қымбаттайды

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2018
  • 3434

Есесіне, 2020 жылдан бастап Түркістан мен Шымкентте мүлік пен жер салығы өседі. Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов мәжіліс депутаттарына әкімшілік-аумақтық мәселелер жөнінде заң жобасын ұсынды. Құжатта салық кодексіне өзгеріс енгізу қарастырылған. Салықтар Шымкент пен Түркістан статусының өзгеруіне байланысты өседі. Бірақ, ол үшін өтпелі мерзім қарастырылған. Салық 2020 жылдан бастап өзгеріп, төлемдер 2021 жылдан бастап алынады. Ол кезде мүлік салығы 37 пайызға, жер салығы 33 пайызға қымбаттайды.  

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мысал ретінде айтатын болсақ, үш бөлмелі пәтер салығы 700 теңгеге өседі. 1 мың шаршы метр жер салығы 106 теңгені құрайды. Бұл қаражаттардың барлығы жергілікті бюджетке түсіп, қазынаны толтырады.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде Шымкенттің кірісі 70-80 млрд теңге шамасында. Оның 23 пайызы шағын және орта бизнестің корпоративтік табыс салығынан түсіп отыр. Ал, 2025 жылға қарай ол донор қалаға айналмақ. Үкімет Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеп жатыр. Аймаққа 2024 жылға дейін 770 млрд теңгенің инвестициясын тарту көзделіп отыр.   

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Жалпы қаражат 870 млрд теңге. Оның 400 млрды республикалық бюджеттен, 29 млрды жергілікті бюджеттен, қалғаны жеке инвестициялар болады. Осы кешенді жоспар жылдың соңына дейін қабылданатын болады.

Г. Меңдеева