Русский Сайттың толық нұсқасы

1,7 мың қазақстандық заңсыз қару-жарақ өткізді-М.Байболов

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2018
  • 2816

Ал қазақстандықтар биыл ерікті түрде 2000-нан аса заңсыз қару-жарақты полицияға өткізген. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді. Ал, осы суық қаруды сатып алуға бюджеттен бақандай 125 млн теңге бөлінген. Ішкі істер министрлігі осылайша қару қолданып жасайтын қылмыс санын азайтпақ. Ол көрсеткіш биылғы 10 айда 19,7 пайызға төмендеген. 

Мақсат БАЙБОЛОВ, ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бізде травматикалық қаруға 24 мың теңге төленеді. Қару-жарақтың үлгісі және техникалық күйіне байланысты төлем ақысы 240 мың теңгеге дейін барады. Мылтықтарды 70 мың теңгеден бастап сатып аламыз. Егер, адам автоматты қаруды өткізсе, ең жоғарғы сыйақы мөлшері, яғни, 240 мың теңге береміз.

Акция кезінде полицияға 1836 жылғы қарулар да өткізілген. Мәселен, Семей қаласының тұрғыны танк пен 60-шы жылдардың мылтығын сатса, ал, Атыраулық азамат соғыста қолданылған Шпагин тапанша-пулемётін тапсырыпты. Айта кетейік, қылмысқа қатысты жоқ заңсыз қаруды өз еркімен өткізгендер ешқандай жауапқа тартылмайды. 

А. Бектас