Ал, білім министрлігі Президент тапсырмасын орындауды мектептен бастамақ. Ол үшін оқу ордаларында тарихи археологиялық қозғалыстар құрылады. Министрлік тиісті нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгеріс те енгізген. Бұдан бөлек вице-министр мұражайларда сабақ жүргізу тұрғысына тоқталды. Онда тарихтағы қиын кезеңдерді ғана емес, жеңісті кезеңдерді көбірек оқытады. Айта кетейік бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы талқылауға бас қосқан.
Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Елбасының тапсырмасына сәйкес, мектептерде тарихи-археологиялық қозғалыстар құрылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстарды бастап кеттік, тұжырымдамасы дайын. «Мұрағат-2025» бағыты бойынша жұмыстарымызды жалғастырамыз.Өйткені, әлі де жасайтын жұмыс көп. Қытайдағы Ирандағы Ресейдегі басқа мемлекетте әліде жәдігерлер көп. Оның барлығын зерттеу керек баруымыз керек. Сәйкесінше, тиісті жұмысты Білім және ғылым министрлігі жүргізеді.
У. Қабылтайұлы