Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан дінтанушыларының кезекті форумы өтті

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2018
  • 3640

Ауыл аймақтардағы имамдарға жағдай жасап, діни білімін көтермесе, олар да теріс ағымның жетегінде кетуі мүмкін. Өйткені, ауылда сөзі өтетін жан радикалды ағым өкілдері үшін таптырмас құрбан. Дінтанушылардың кезекті форумына жиналған мамандар осындай пікір айтты. Қоғамдық Даму вице-министрі Берік Арын жыл сайын дінді зерттеймін деген жастар үшін отандық және шет елдік жоғары оқу орындарында тегін білім алуға қажетті квота санының артатынын хабарлады. Олар ертең діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған насихат топтарына жетекшілік етпек. Сондай- ақ, қатысушылар әр өңірде атқарылып жатқан шаралардың нәтижелі де жемісті тұстарымен өз әріптестерімен бөлісті. Бұл ретте, әсіресе, еліміздің батысынан келген мамандардың пікірі құнды болды.  

Айдар ӘБУОВ, МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ДІНДЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

Жасыратыны жоқ, мысалы, батыс региондарда, әсіресе, дәстүрлі емес діни исламдық ағымдар өз орнын алды. Белсенді түде. Оған әр түрлі себептер де бар. Соған байланысты батыстағы діни істер басқармалары, бөлімшелері белсенді түрде өздерінің жұмысын атқарып келеді.

Г. Тасболатқызы