Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылдағы 195 мәслихат депутатының ішінде 30 жасқа дейінгілер саны бар болғаны 5-еу ғана

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2018
  • 1996

Жамбылда мәслихаттардағы жастардың үлесі өте төмен. Облыстағы 195 депутаттың 5-еуі ғана жастар. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов айтты. Аймақтық филиал екі жылда еңсерген жұмыстарын баяндады. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 780 нысан тексеріліп, 309-ы талапқа тек жартылай сай келетіні анықталады. Ал, 51 нысан мүлдем стандарттарға сәйкес емес. Партиялықтар 2 жылда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап 48 бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып, 305 адамды жұмысқа орналастырған.  

Ерқанат МАНЖУОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Осы екі жыл ішін айтып кетсем, 42 партия мүшесі партия жауапкершілігіне тартылып, қылмыстық және сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жол бергені үшін партия қатарынан шығарылды. Депутаттар ішіндегі жастар деңгейі өте төмен болып отыр. Бізде 30 жасқа дейінгі депутаттар саны бүгінгі күнге 2,5 пайызды ғана құрап отыр, олар 5 депутат.

Ал, Астандағы «Өркен» бастауыш партия ұйымының тең жартысы жастар.Ол Медицина университетіне қарайды. 1800-ден астам мүшесі бар ұйым жуырда «Үздік Республикалық бастауыш партия» сайысында бірінші орын иеленді.  

Дархан МАТАЕВ, «ҚТЖ» ҰК АҚ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:  

Екі күн қатарынан өткен форум бастауыш партия ұйымдарына бағыт-бағдар берді. Онда облыстық филиалдарға біраз қаражат бөлінетінін де естідік. Бұл аймақтарда партия жұмысын жандандыруға үлкен мүмкіндік. Сайыста бірінші орын иеленген «Өркен» ұйымы партия жобаларын дамыту үшін жұмыс істеп жатыр. Ұйымда жастар көп, негізгі күш те осы жастар болып отыр.

У. Қабылтайұлы