Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенат бюджет жобасын кері қайтарды

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2018
  • 1877

Сенат үш жылдық бюджет жобасын Мәжіліске кері қайтарды. Жоғарғы палатаға құжатқа бүгін таңертең енгізілген өзгеріс жақпай қалды. Үкімет нарықтағы ахуалды ескеріп, мұнай бағасын бұдан бұрын белгіленген 60 доллардан 55-ке түсірген. Себебі, қазан айының басында мұнай баррелі 86 доллар болса, қазір 58,8-ге бір-ақ түсті. Ауытқу 32 процентті құрады. Сөйтіп бюджет 137,7 млрд-тан қағылған.  

Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: 

Мұнай бағасын 60 доллардан 55 долларға түсіруге байланысты 2019 жылы бюджетке түсім 137,7 млрд-қа кемиді. Шығыстарды көбейтуге қатысты 150,6 млрд бойынша мақұлданды, соның ішінде 2019 жылы 50,5 млрд теңге.  

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарын газдандыруға 7,8 млрд, Ұлттық гвардия авиация базасының құрылысын жалғастыру үшін 1,3 млрд, «Отандастар қорын» қаржыландыруға 2,2 млрд теңге және шекара заставаларындағы күрделі жөндеу жұмыстарына 1,9 млрд теңге жаңа бюджет жобасына енбей қалған.  

М. Дюсекина