Русский Сайттың толық нұсқасы

Қашқын банкир Мұxтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2018
  • 3664

Мұхтар Әблязов сыбайластарымен келісіп, банкир Ержан Тәтішевті әдейі өлтірген. Таразда өтіп жатқан сотта судья оған өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімін кесті. Осылайша, бір жарым айға созылған іске нүкте қойылды. Бұған дейін прокурор қашқын банкирді өмірбақиға соттауды сұраған еді.  

Кенжеғали КЕНЖЕБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:  

Сот Мұхтар Әблязовті ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы редакциясындағы 28-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-пункті бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырды. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шығарған үкімі бойынша Мұхтар Әблязов 3 жылға банк ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Ал, жазасы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ерекше қауіпсіздік мекемесінде өтелсін.

Бұл қылмыстық іске қатысты 60 куәгерден жауап алынды. Судья: «Әблязов сот үкіміне 15 тәулік ішінде шағымдануына болады»-деді. Бас прокуратура биыл тамызда Әблязовты банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп ресми түрде айыптады. Бұған дейін шыны зауытының қожайыны Мұратхан Тоқмәди «БТА» банк басшысы болған Ержан Тәтішевті Қордай ауданындағы аңшылық кезінде атып өлтіргенін айтқан еді. Ол өз қылмысын 13 жылдан кейін мойындап, тапсырыс үшін Мұхтар Әблязовтан 4 млн. доллар алғанын айтты. Ол осы қылмысы үшін биыл 26-шы қазанда сотталды. Одан кейін Тәтішевті өлтіруге тапсырыс бергені үшін Әблязовтың ісі сотта қарала бастаған еді.   

Д. Әлімқұл