Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей АҚШ-тан келетін құс етіне тиым салған-ҚР АШМ

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2018
  • 2425

АҚШ-тан келетін құс етіне тосқауыл қойған Ресей тарапымен келіссөз 30-қараша күні жүргізіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Биыл Қазақстан құрама штаттардан келетін тауық етінің импортын 140 мың тоннаға дейін өсірді. Бұрындары 110 мың болатын. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде қойылған шарттардың бірі. Енді сол Америкадан жеткен тауық етін көрші ел өткізбей жатыр. 

Тұрсын ҚАБДҰЛДАНОВ, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазір тарапты келіссөздер жүргізуге шақырып отырмыз. Ал, тауар импорты кезінде берілетін ветеринарлық сертификат бірыңғай талаптарға сәйкес келеді.

Айта кетейік, отандық тауық еті сұраныстың 60 пайзын жабады. 2023-жылға қарай жылына 300 мың тонна шығарып, нарықты тұтас жабу жоспарланған. Ал, 2027 жылы оны 740 мың тоннаға жеткізу көзделеді. Бірақ, мамандар: «Мұндай қарқын алу үшін отандық өндірісті барынша қорғау және қолдау қажет»-дейді.  

М. Дюсекина