Русский Сайттың толық нұсқасы

«7-20-25»: 2,5 мың адам баспаналы болды

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2018
  • 2749

«7-20-25» бағдарламасы моноқала мен ауылдарда тиімді іске аспай отыр. Басты себеп-несие рәсімдеуге тұрғындар табысы жетпейді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының жиынында айтылды. Бұл Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асырылуын қоғамдық бақылау жөніндегі жұмыс тобының отырысы. Бағдарлама арқылы бүгінге дейін 2,5 мың адам баспаналы болған. Ал, ел бойынша барлығы 4800-ден аса өтініш түсті. Алайда, Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысында үйлі болғандар саны тым аз. Аймақтарды аралаған кеңес мүшелері: «Бұған салынып жатқан үйлердің жетіспеуі кедергі»-дейді.  

Қаныбек ЖҰМАШЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Қазір жоба түгелдей облыс орталықтарында, ірі қалаларда ғана жүзеге асып жатыр. Ал, аумақтар қайда? Мысалы, моноқалалар қайда, ірі аудан орталықтары қайда? Міне, сол жерлерде бұл жобаның жүзеге асуында кемшіліктер бар.