Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ тұтқындаған екі қазақстандықтың азаматтығы тексеріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2018
  • 2096

Сыртқы істер министрлігі АҚШ тұтқындаған екі ер азаматтың Қазақстанға қатыстығын тексеріп жатыр. Америка Үкіметі оларды ресейлік алтаумен ауыз жаласып, озық технологиялардың көмегімен 36 миллион доллар жымқырды деп айыптап отыр.  

Күдіктілер бөтен компьютерлік жүйелерге заңсыз кіріп, жұрттың жеке басына қатысты мәліметтерді және ақшаларын үптеп кетті деп айыпталып отыр. Одан тыс ғаламторға жайғастырған жарнамлары үшін де заңсыз ақша алып келген. Қылмыстық іс қозғаған АҚШ сыбайластарға халықаралық іздеу жариялады. Олар қазақстандық деп атаған Сергей Овсянников биылғы жылдың қазан айында Малайзияда тұтқындалса, Евгений Тимченко Эстонияда қолға түскен. Қазір оларда Қазақстан азаттығы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ал, алаяқтық әрекетке барды деп айыпталған ресейлік алтаудың бесеуі іздеуде.  

Г. Тасболатқызы