Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл жабылған үш банк салымшыларына 58 миллиард теңгедей қайтармақ

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2018
  • 2390

«Астана банкінің» салымшылары депозитке салған қаражаттарын қелер жылдың 11-ші қаңтарында ала бастайды. Бұл туралы «Закон кз» порталына «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» хабарлаған. Қор биыл жабылған үш банк салымшыларына 58 миллиард теңгедей қайтармақ. Оның ішінде «Астана банкіне» сеніп, депозит ашқандар қарасы қалың. Салынған қаражат та қомақты. 39,3 миллиард теңге. Алайда, оның 37,3 миллиарды қайтарылады. Бір мыңдай салымшының 2 миллиард теңгесі «күйіп» кетті. Өйткені, олардың банкте сақтаған қаражаты Қор кепілдендірген соммадан артық болып шыққан. Ал, «Қазақ банкте» депозит ашқан 18 мыңнан астам салымшының қаражаты 21 миллиард теңгеге жуық. Қор оның 20,4 миллиардын иелеріне 10-шы желтоқсаннан бастап қайтарады. Ал, күні кеше сот шешімімен «Эксимбанк» жабылған еді. Салымшылардың банкте сақтаған 255 миллион теңгесінің 249-ы қайтарылады. Әзірге барлық салымшы қаражаты қай банк арқылы қайтарылатыны белгісіз.

Г. Меңдеева