Русский Сайттың толық нұсқасы

Аргентинада өткелі жатқан «G20» саммитінде Путин мен Трамп кездеспейтін болды

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2018
  • 2538

Аргентинада өткелі жатқан «G20» саммитінде Путин мен Трамп кездеспейтін болды. Бұл туралы АҚШ Президенті өзінің «Твиттердегі» парақшасында мәлімдеді. Трамп Керчь бұғазындағы жағдайға байланысты баяндамамен танысқан соң осындай шешім қабылдаған.

Дональд ТРАМП, АҚШ Президенті: 

Ресей Украинаның кемелері мен теңізшілерін еліне қайтармағанын ескере отырып, Аргентинадағы Владимир Путинмен жоспарланған кездесуден бас тарту жөнінде шешім қабылдадым. Бұл барлық тарап үшін дұрыс болады деп есептеймін.

Биылғы форумға сауда, цифрлық экономика, климаттық өзгерістер, тұрақты даму, гендерлік теңдік тақырыптары арқау болмақ. Буэнос-Айрестегі басқосуға Жапонияның премьері, Франция, Қытай мен АҚШ Президенттері келіп үлгерген. Ұйымдастырушы тарап та сақадай сай. Мемлекеттер басшыларының қауіпсіздігін 22 мың полиция қызметкері қамтамасыз етеді. Ал жергілікті тұрғындардың қаладан уақытша кете тұруын сұрапты. Ал аргентиналықтар шеруге шыққан. Олар саммитті ұйымдастыруға қыруар қаржы мен күш жұмсалып жатқанына наразы.  

Бізге қазір керегі-20 елдің Президенті емес. Үкімет ең алдымен өз азаматтарының жағдайын ойлауы керек. Жаһандық мәселелерді талқылайтын уақыт емес. Бізге бұл саммиттің түкке қажеті жоқ. G-20-ның бізге көмегі тиетініне күмәнім бар. 

«Жиырмалықтың» осы жолғы жиынында Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхамед бин Салманға Washington Post-тың журналисі Джамаль Хашоггидің өліміне қатысты сұрақтардан қашып құтылу мүмкін болмас. Тіпті, бұл тақырып саммиттің күн тәртібіне енгізіліп қалуы да ықтимал.