Русский Сайттың толық нұсқасы

Терроризм қаупінен бейбіт әлемге шығатын жол

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2016
  • 2828

Қазақстанда дәстүрлі емес діни ағымдарды, соның ішінде «салафизімді» ұстанатындардың нақты санын әр құқық қорғау органы әр түрлі көрсетіп келеді. Бұл аталмыш діни ағымды ұстанушылардың саны жыл сайын артып келе жатқанының белгісі.

Бүгін «Нұр Отан» партиясының саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы мен «Sarap Time» пікірталас клубы бірлесіп өткізген кезекті отырыс барысында саясаттанушылар осылай деп дабыл қақты. Мамандар: "Діни мәселе қашан да «нәзік» екенін ескере отырып, салафизмге заңды тұрғыда тыйым салудан да кеш қалдық", - дейді. Себебі олар әлеуметтік тұрғыда белсенді топ болып алған. Ал оларға  тиым салып, күш қолдану елде бейберекетсіздіктердің орын алуына соқтыруы мүмкін. Мұнымен қатар салафиттерді түгел терроршы деп қарауда қателік, - дейді мамандар.

Талғат Қалиев, саясаттанушы:

Салафиттерге заңдық тұрғыда тыйым салудан біз кеш қалдық. Мұны 90-жылдардың соңымен, ең болмаса 2000 жылдары қолға алу керек еді. Қазір бұлар үлкен топ болып, біз радикализация ағымын ушықтырып алудың қаупіне ұрынуымыз мүмкін. Негізі әлем елдерінде діннің белгілі бір ағымына тиым салу жобасы бар, бірақ Қазақстанда бұл оң шешімін береді деп айта алмаймын. Себебі бізде бұл тұрғыда қысым жоқ. Онымен қатар қазір бұлардың нақты саны қанша екенін әр құқық қорғау органдары әр түрлі айтып жүр, нақты саны да белгісіз.

Сондай-ақ сарапшылар "Экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларына қатысты іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына ұсынылған шараларға қатысты әр тарапты пікірлерін білдірді. Негізгі мақсат - Нұрсұлтан Назарбаевтың "Әлем. ХХІ ғасыр" манефисі аясында Орталық Азиядағы халықаралық терроризм мен экстремизмнің таралу үрдісін талқылап, алдын алудың құқықтық-әлеуметтік және ақпараттық-идеологиялық шараларын талқылау.