Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда «жалған терроризм» үшін айыпталғандардың ешбірі жазадан құтылмаған

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2016
  • 2366

"Қарағандыдағы орталық әмбебап дүкенге тағы да жарылғыш зат қойылды". Бүгін 112 нөміріне осындай жалған хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен құқық қорғаушылар әуреге түсті. 600-дей адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бірақ жарылғыш зат табылмады. Мамандар телефон террористін іздеуге кірісті.

Ал Қазақстанда жалған терроризм үшін айыпталғандардың ешбірі жазадан құтылмаған. Соңғы 9 айда телефон терроризмімен ұсталған 49 адам түгелдей темір торға қамалды. Олардың қатарында жақында ғана осы айыппен сотталған физика пәнінің мұғалімі Юрий Пак та бар. Оны 2 жылға соттау туралы үкім қоғамдық дау туғызды. Үлгілі ұстазды ақтауды талап еткендер әлеуметтік желілерде қол жинады. Бірақ бүгін Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы ол заңды жазасын алды деп мәлімдеді.

Естеріңізге салайын, тергеу материалдарына сенсек, "Орталық әмбебеп дүкенге бомба қойылды" деген жалған ақпар мұғалімнің телефонынан хабарланған. Ал мұндай айып тағылғандар заң бойынша 6 жылға дейін сотталады.

Шахатбек Әбдіров, Қарағанды қАласының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы:

Ол азамат біреулер звондады дейді. Сол күні өзім байқадым дейді. Экспертизалар, күллі экспертиза оның даусы, 2 минут сөздегі дауыс Юрий Пактікі деп. Сондықтан осы дәлелдердің бәрін нәтижелеп, сот осындай үкім шығарды.

Айжан ҚУАШ