Русский Сайттың толық нұсқасы

Француздар жаппай шеруге шықты

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2018
  • 3153

Ал, Франция тұрғындары қымбатшылыққа қарсы ереуілден кейін әдейі ақшаны аз жұмсауға көшкен. «Promise Consulting» дерегінше, француздардың 21%-ы алдағы рождество мерекесінде қаражатты жылдағыдан аз жұмсап, үнемдемек. Оның ішінде экономикалық белсенді емес тұрғындар 26%, 50 жастан жоғары адамдар саны 30%. Халық: «Мұндай қадамға ереуіл қайталанбау үшін, амалсыздан барып отыр»-дейді сарапшылар.  

Еске салайық, Франция халқы бірнеше аптадан бері жаппай наразылық танытуда. «Сары күрте кигендер» қозғалысы елдегі отын бағасының қымбаттауына қарсы. Өткен сенбіде шеруге 5,5 мың адам қатысқан. Қоғамдық тәртіпті сақтауға 4,6 мың полиция жұмылдырылды. Халық президент Макронның отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Ереуілшілер тіпті Триумфалды қақпа мұражайы мен белгісіз солдаттың қабірін талқандаған. Парижде бір тәулікте 287 адам тұтқындалып, 110 адам жапа шекті. Ал, бүгін ел билігі жанармай салығын өсіруді жарты жылға кейінге шегеретінін мәлімдеді. 

А. Бектас