Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда жарық құны небәрі 33 тиынға ғана арзандады

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2018
  • 2496

Қызылжарлық монополистер де елден қалыспай тарифті 33 тиынға арзандатты. Мұны жергілікті шенеуніктер арнайы өткен жиында сүйіншілеп хабарлады. Сөйтіп, жылу құны шамамен 1 пайызға, ал жарық тарифі 3 пайызға арзандады. Теңгеге шаққанда оның бағасы бар жоғы 33 тиына кеміген. Ал, жаңа жылдан бастап су бағасын 8 пайызға өсіру көзделген. Қызылжар су серіктестігі енді тарифті керісінше азайтуға мәжбүр. Бір текше метр суды 80 теңгеден сатып алып жүрген тұтынушылар енді 73 теңге төлейді.  

Әділбек ӘУБӘКІРОВ, СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

1,1 пайызға арзандаған жылудың арқасында қала тұрғындары 32 миллион теңгесін үнемдемек. Ал, жарықтың құны бір киловатт сағатына 12,13 теңгеден 11,80 теңгеге дейін түсті. Нәтижесінде шаһар жұрты барлығы 135 миллион теңгесін сақтап қалмақ. Бұдан бөлек, облыстағы 5 аудан тұрғындары үшін электр энергиясының бағасы 6.7 пайызға кеміді.

А. Құрманкин