Русский Сайттың толық нұсқасы

16 жастан асқан қыз балаға түсік жасатуға рұқсат ету мәселесі халық талқысына түсуі тиіс

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2018
  • 3232

16 жастан асқан қыз балаға түсік жасатуға рұқсат ету мәселесі халық талқысына түсуі тиіс. Бүгін Үкімет қабырғасында журналистерге сұхбат берген Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Елжан Біртановтың айтуынша, әзірге бұл туралы заң жобасы жоқ, ұсыныс қана. Дегенмен, министр өзіне жауапкершілік алған 16 жастан асқан қыздардың медициналық көмек алуға құқы бар деп санайды. Ал, сарапшылар тәрбиеден кеткен қателіктен жасөспірімдер өздеріне қол жұмсап, түсік жасататынын айтқан. Сондықтан, министр сұрақты әр адам өзіне қоюы тиіс деп отыр.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: 

Бұл сұрақты маған емес, қоғамға бағыттау керек. Егер, балалар біздің шешімімізсіз жыныстық қатынасқа түсіп жатса, біз оларды қаншалықты дұрыс тәрбиелей алып жатырмыз? Сондықтан, әр адам бұл сұрақты өзіне қоюы тиіс. Мұны талқылау керек.

Г. Меңдеева