Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Ресеймен ара-қатынасын түзеуге асықпайды

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2018
  • 2885

Ал, Ресеймен ара-қатынасын түзеуге АҚШ асықпайды. Керчь бұғазындағы шиеленіске қатысты АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі: «Украин теңізшілерін тұтқынға алған Ресей тарапты «Салдары мен зардабын» таратады»-деді. «Рейтерс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Украина Қарулы күштері Бас штабының бастығы Виктор Муженко Ресей тарапынан соғыс қатері төну ықтималдығын айтқан. Оның сөзінше, Мәскеу екі елдің шектесер тұсындағы танк құрылымын күшейткен.  

Виктор МУЖЕНКО, УКРАИНА ҚК БАС ШТАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: 

Біздің алдымызда ешбір құқықтық не моральдық нормаларға бағынбайтын басқыншы тұр. Оның Украинаға қарсы жауынгерлік іс-қимылдарды қашан жүргізе бастайтынын болжап білу мүмкін емес.

Еске сала кетейік, қарашаның 25-і күні Украин Әскери-теңіз күштерінің үш кемесін Ресейдің қауіпсіздік қызметі тұтқындаған болатын. Кемелерде болған 24 әскери қызметкер 2 айға қамауға алынды. Ресми Киев Мәскеуді агрессия танытты деп айыптап отыр. Қазір Украинаның он облысына соғыс жағдайы енгізілген. Ал, Кремль бұл оқиғаны «Қасақана арандатушылық» деп есептейді. Себеп-Президент сайлауы қарсаңындағы Петр Порошенконың төмен рейтінгі. Осыдан соң Киев 16 мен 60 жас аралығындағы ер азаматтарды Украинаға кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады. Ал, бүгіннен бастап Ресейге беттеген жолаушылар кері қайтарылып жатыр.