Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақпарат қауіпсіздігін сақтайтын мамандар тапшы

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2018
  • 2789

Қазақстанда кибер қауіпсіздікті қамтасамыз ететін маман тапшы. Сондай-ақ, тұрғындардың да осы салаға қатысты сауаты төмен. Сенаторлар осылай деп отыр. Мысалы, былтыр мамандар сынақ ретінде мемлекеттік қызметкерлерге жалақы көтерілетіні туралы жалған ақпарат таратқан. Алғашы күні-ақ хабарламада көрсетілген сайтты жұрттың бәрі ашқан. Ал, оған кірген азамат алаяқтарға өзінің жеке басына қатысты мәліметтерді жайып салатыны ешкімді ойландырмаса керек. Тұрғындардың банк карточкаларынан ақша ұрлайтын хакерлер де осындай жолды таңдайды. Сондықтан, Сенаторлар елді ақпараттық қауіпсіздік жөнінде сауат ашуға шақырды. 

Сергей ЖУРАВЛЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:  

Бүгін электронды ақпарат саласында күн сайын жаңалық пайда болып тұрады. Мысалы, бұрын жарты жылда ғана жаңа браузер ойлап табылса, қазір бұл нарықта күнде бір өзгеріс бар. Біз солардың бәріне төтеп бере алуға тиіспіз. Ол үшін заңдағы олқылықтарды реттеп, мемлекеттік құпияларды сақтауы тиіс мекемелердің бюджетін арттыру қажет.

Қазір еліміз электронды мәліметтерді қорғау бойынша әлемде 83 орыннан 50-ге көтеріліпті. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырып жатқан бізде 35 мың IT маман жетпейді екен.  

Г. Тасболатқызы