Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ елінің, кең даласының тарихын теренірек зерттеп, дәріптеу қажет

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2018
  • 2752

Сыр бойындағы көне ескерткіштер, киелі жерлер, жырау, қолөнерші, ақын-жазушылардың шығармаларын зерттеп, оларды түгендеу бүгінгі ұрпаққа аманат. Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы, осы жұмыстардың атқарылуына бағыт-бағдар береді. Қоғалыкөл аулында «Қыз Жібек» фильмін түсірген режиссер Сұлтан Қожықовтың зерттелмеген туындалары жетерлік. Ал, қолөнер шебері болған Лятипа Лапина жайлы біреу білсе, біреу біле бермейді. Нұротандықтар осы тектес тұлғалардың еңбектерін арнайы шежіре-дастандар шығару арқылы таратуды ұсынып отыр.  

Аида ӘБИБУЛЛАЕВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Мақалада Елбасы айтып отыр: тарихқа үңілейік, ұлттың рухани байлықтарына үңілейік, архивтерге қарайық, соның барлығын рухани жаңғыру жасайық. Сондықтан, осы ақпараттар дәл қазір, мен ойлаймын, осы мәселені қолға алғанымыз өте өзекті, өте уақытылы. Үлкен-үлкен ұсыныстарымыз, ойларымыз күнде-күнде шығып жатыр.

Ш. Сақтапова