Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысының Шортанды ауылында екі зейнеткер адам сенгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2016
  • 3229

Құлап жатқан қабырға, жылу мен электр қуаты және ауыз судың жоқтығы. Көпшіліктің күнделікті жайлылығы Ақмола облысындағы Шортанды ауылының қос зейнеткер үшін арманға айналған. Жергілікті билік оларды қарттар үйіне орналастырамыз деп уәде берген. Бірақ олар тізімде 52-ші орында тұр. Сондықтан жақын уақытта көшулері екіталай. Ал күннің суыта түсуі олардың жағдайын одан сайын қиындатқан. Толығырақ, тілшіміз баяндап берсін.

Я сюда чайник обычно ставлю или кастрюлю. Или чайник, и сама вот так встану.

76 жасар Ольга Сухарева ас әзірлеуде отты өшіріп алмас үшін осылай қолдан келгенше амал жасайды. Жақында  ас үйдің қабырғасы құлап қалған. Енді далада тұрғандай болып тамақ істеуге тура келеді. Жалпы үйдің саңылауы бүтін, сау жерін табу қиын. Соның салдарынан іштегі суық бір сәт бой жазуға мұрсат бермейді.

Ольга Сухарева, зейнеткер:

Үйдің төбесі жоқ, жылу жоқ, жалпы бар деп көрсетер дүние аз. Осындай халде күн кешудеміз. Жылытқыш қояр едік, оған электр қуаты болмай тұр.

Мұндай жағдайға қарттар мамыр айында тап болған. Осыған дейін  көршілердің үйін жалдап келіпті. Бірақ үй иесі ескертусіз сатып, зейнеткерлер далада қалған. Әжейдің айтуынша, қол ұшын созар жақындары жоқ. Екі баласынан қызы ғана аман. Ол Башқұртстанда тұрады әрі жарымжан халде. Шортандылық тұрғындар барынша көмектесуге тырысып, уақытша үй тауып беруге де тырысқан.

Ольга Охроменко, Шортанды ауылының тұрғыны:

Мен Ждановқа да барып көрдім. Бұл кісілердің жасын, жағдайын айта бастасаң, пәтер не үй жалға беретіндер бірден ат-тонын ала қашады. Себебі баспананың күйін кетіреді дейді.

Көршілердің айтуынша, егде жастағы жұпқа әкімшілік басқа орын ұсынған. Міне, ол үй назарларыңызда. Қазіргі мекендерінен айырмашылығы шамалы.

Печка тут, однозначно, надо печника звать. Но опять же зачем ее ставить, если батарей нет. И что пенсионеры делать будут.

Ауылдық әкімшілікте бұл жағдайға байланысты камера алдында сұхбат беруден бас тартты. Әңгімелесе отырып түсінгеніміз, қарияларды Новотимофеевкадағы қарттар үйіне орналастыру жоспары бар. Бірақ, аталған мекемеде жөндеу жүргізіліп жатыр, бірақ кезек мәселесі тағы бар.

Сказали, что 1 ноября завершается ремонт. И 58 человек будут заселены. А вы слышали, они у нас 47 и 52. И они будут заселены. - А до этого времени? Это еще месяц холодов? – Ну, значит с акимом села поедем искать квартиру им. Заселим их.

Біздің арна тілшілері барып бұл мәселеге араласқан соң, жергілікті билік зейнеткерлерге бірден қабырғасы бүтін, суы мен жарығы, жылуы бар ыңғайлы баспана іздеуге көшті. Қарттар үйіне кезектері келгенше, олар сол жерде тұрақтайды. Шенеуніктер бұл істі жақын уақытта шешеміз деп сөз берді.

Айбек ҚОСАН