Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысының Астанадағы күндері

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2016
  • 2180

«Өнімді өңір - қуатты Қазақстан» дәл осындай ұранмен демалыс күндері Астанада Шығыс Қазақстан облысының күндері болып өтті. Шығыс аймағы елордаға табиғи таза өнімдерімен қатар, инновациялық техникаларын, ол аз десеңіз, қашанда халық қошеметіне бөленген мәдени қойылымдарын ала келген.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында құрастырылатын «Қазақстанда жасалған» бренд-маркалы техникалардың барлығы ел ішіндегі сұранысты толық қамти алады. Тіпті қажет болса, «ЭКСПО-2017»-де өзіміздің өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкідігіміз жетеді, деп отыр. Ал өңірдегі жүргізілген қазба жұмыстары кезіндегі табылған "археологиялық қазбалар нәтижесі шығыс өңірінің терең тарихынан сыр шертеді" дейді тарихшылар.

Ғабдеш Төлеубаев, Қазақ ұлттық университетінің профессоры:

Жүргізген қазба нәтижесін алып келдік. Үлкен бір оба қазылған, одан екі адам сүйегі шықты. Оба заманында тоналып кеткен. Сол обаның ішінен 2 мыңға жуық, ірісі бір 200-ден астам, ұсағы 2 мыңға жуық алтын заттар шықты.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының азық-түлік өнімдері де астаналықтарды таң тамаша етті. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ет, сүт өнімдерімен қатар бау-бақша өнімдері дереу сатылып кеткен. Екі күндік жәрмеңкеде 300 тонна тауар сатылған. Астаналық тұрғындар да жәрмеңке ұйымдастырғандарға өздерінің алғыстарын жеткізді.

Айгүл Рақымжанова, Астана қаласының тұрғыны: 

Бүгінгі жәрмеңкеге әкелген тауарлар өте сапалы, көп, өте жақсы. Астаналық тұрғындар қуанып жатыр. Ұйымдастырушыларға, әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.