Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа жыл түні тұрғындар байланыссыз қалмайды

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2018
  • 2662

Жаңа жыл түні ел тұрғындары байланыссыз қалмасын. Депутаттар ұялы телефон нөмірін тіркемегендер үшін алаңдаушылық білдірді. Парламент өкілдері: «Елде 26 млн абонент бар, желтоқсанда оның 14 млн-ы ғана тіркелген»-дейді. Ал, министр Дәурен Абаевтың айтуынша, қазір қолданыстағы нөмірлердің 70 пайызы тіркелді. 18 млн тұрғынға 26 млн СИМ карта тиесілі. Оның 2-3 пайызы тіркеуге жатпайтын көлік дабылы үшін қолданатын нөмірлер. 2019 жылдан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Тіркеу жұмыстарына 1 жыл уақыт берілді.  

-Максимально население зарегистрировала своих телефонов. И в первые дни нового года не было проблем. 

- Гульмира Истайбековна, не будет проблем .

Мәжілісте есеп берген Абаев «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру үшін ІТ мамандар ауадай қажет дейді. Қазір бұл сала қызметкерлері әлем бойынша ең қажетті мамандықтар тізімінде екінші орында тұр. Қытай биыл шетелдерде қызмет етіп жүрген 432 мың маманды елге қайтарып алған. Ал, былтыр Қазақстаннан 5 мың ІТ маманы шетелге көшіп кеткен.   

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ:  

Сіздер «Астана хабқа» барсаңыздар, көптеген жігіттер шетелде 5-6 жыл оқып келсе де, қайтып келіп жатыр. Өйткені, шетелде бәскелесітк өте жоғары. Бұл жерде