Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында екі жарым ғасыр бұрын жасалған қобыз табылды

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2018
  • 5588

Қостанай облысында шамамен 245 жыл бұрын жасалған қыл қобыз табылды. Киелі аспапты Наурызым ауданына қарасты Қайғы ауылында тұратын Құрмановтар әулеті сақтап келген.  

Нар қобыздың иесі-кезінде бақсылық, көріпкелдік қасиетімен көпке мәшһүр болған Жетібай әулие. Он жасында осы қобызды ұстаған сәуегей түрлі дерттің бетін қайтарып, жоқ іздегеннің мал-дүниесінің қайда, кімнің қолында екенін болжап берген деседі. Жетібай ата шамамен 1873 жылдары дүниеден озған. Одан кейін қобызды ұлы Есмағамбет ұстапты. Есмағамбет соғысқа кеткен соң қасиетті аспап ақ матаға оранып сандық түбінде сақталады. Құрмановтар әулиенің бесінші ұрпағы. Олар мистикалық күшке ие қобыздың киесінен қорқады. Сондықтан, қобызды көпшілікке көрсете бермейтін көрінеді. Жергілікті тарихшылар көне аспапты мұражайға тапсырған жөн деп отыр.

Қыдырбек ХИЫСХАН, ТАРИХШЫ, ЖЫРШЫ: 

Негізі менің бір кеңесім ең бірінші бұл қобыз ол сандықтың түбіндей жатпай мына музейге берілсе деген. Одан кейін оған реставрация жасауға болады. Жаңағы бет терісін ауыстыруға болады әдемі құлақ салып. Қазір шеберлер көп қой, соларға берсе. Әйтпесе, қобыз ешқандай бүлінбеген.

З. Санай