Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесіне мүше болуды көздеп отыр

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2018
  • 2379

Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесіне мүше болуға үміткерлердің тізімінде. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі таратты. Ұсыныс қабылданса, Қазақстан 2022-24 жылдар аралығында осы Кеңестің аясында жұмыс істемек. Біздің ел бұл кеңестің құрамында 2013-2015 жылдары да болған. Адам құқықтары жөніндегі Кеңес-Біріккен ұлттар ұйымындағы құқық қорғау органы. Бұрын Адам құқықтары жөніндегі комиссия деп аталатын. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2018 жылдың соңына дейін БҰҰ Қауіпсіздің кеңесінің тұрақты емес мүшесі.  

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамындағы Қазақстанның құқық қорғау саласындағы саясаты сайлау науқанында маңызды рөл атқарады. Лаңкестіктен ада әлемге қол жеткізу жөніндегі Кодексті жетілдіруге көп көңіл бөлініп келеді. Бұл адам баласының өмір сүруге деген құқықтарын қалыптастыруға Қазақстанның сіңірген орасан еңбегі.