Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызметтік пәтерге 50 млн тенге жұмсаған Павлодардың әкіміне сөгіс жарияланды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2018
  • 2527

Қызметтік пәтерге 50 млн теңге жұмсаған Павлодар әкіміне аймақ басшысы Болат Бақауов сөгіс жариялады. Бюджет қаржысын талан-таражға салды деп айыптады. «Облыста басқа өңірлерден келетін мемлекеттік қызметшілерге пәтер сатып алу тәжрибесі бұрыннан бар. Бұл қалыпты жағдай»-дейді ол. Алайда, алынатын баспана қымбат емес, яғни, қарапайым, көпқабатты үйлер мен тұрғын-үй қорынан болуы тиіс.  

Азамат БӘЙТЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Қала әкіміне сөгіс жарияланды. Келешекте облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бұл пәтерді бірнеше басқа пәтерге айырбастап, оны енді жетім балалардың арасында таратып беру ұсынылды.

Дауға қалған баспана мына төрт қабатты тұрғын үй. Шаһардың қақ ортасында орналасқан әрі элиталық. Сатып алынған пәтердің жалпы аумағы 230 шаршы метрді құрайды. Әзірге тұрғын үй бос тұр.  

Ә. Мұхитқызы