Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ашылғанына небәрі бір ай болған студенттер жатақханасы тағы бір сүзгіден өтті

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2018
  • 3386

Алматыдағы жаңадан ашылғанына студенттер жатақханасын бүгін «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы тексерді. Асфендияров атындағы медициналық университетнің жатақханасында тұрып жатқандардың арыз-шағымын тыңдады. Олардың тұрмыстық жағдайын бақылап көрді. Мұнда 500-ге жуық студент тұрады. Жатақхана Президентінің бес әлеуметтік бастамасы аясында салынған болатын. 

Айгүл ҚАЛЫҚОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АЛМАЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Жатақханада барлық мүмкіндік бар. Бес әлеуметтік бастама аясында салынған нысан ішін аралап, бақылап шықтық. Оқып, білім алып, нарыққа қажетті білікті маман болып қалыптасуы керек. Студенттердің ыңғайлы, жайлы жатақханада тұруы да олардың білім жолына әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан, жаңа, заман талабына сай салынған студенттер үйінде сол мүмкіндіктер барын көзбен көрдік. Бұл Алматы қаласында бастама жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқандығының көрінісі.

О. Нұржақып