Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде елу шақты шаруа Ресейден мал әкеле алмай отыр

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2018
  • 2890

Ресейден асыл тұқымды мал әкелмек болған ақтөбелік кәсіпкерлер шекарада кедергіге тап болды. Олар «Сыбаға» бағдарламасымен миллиондаған несие алып, шаруашылықты өркендетпек болған. Сөйтсе Ресейден мал әкелуге рұқсат жоқ болып шыққан. Ал, малды алыс шетелден алуға қаржымыз жетпейді деп отыр. Бахыт Рахметова мән-жайды білді. 

Бұл кәсіпкерлердің барлығы «Сыбаға» бағдарламасымен мемлекеттен несие алған. Бірақ, қолдарында миллиондаған ақша болғанымен бірде бірі қораларына асыл тұқымды мал әкеле алмай отыр. Шаруалар малды бізбен табиғаты ұқсас, жерсінетін етті, сүтті ірі қара өсіретін аймақтардан әкелуді мақсат еткен. Көпшілігі қажетті малын шекаралас Ресейден тауып, ақшасымен де келісіп қойыпты. Алайда, ол жақтан мал әкелуге бізде рұқсат жоқ.  

Жолдас ЕРҒАЛИЕВ, КӘСІПКЕР: 

Қазақстандық запрет қиын болып тұр. Қазақстанның ветеринарлары жібермей отыр ғой. Анау жабық, мынау жабық, ауру деп. Екі жақ келісімге келу керек қой. Бір облыс жабық дейді барлығы ауру емес қой. Хозяйстволар бар ғой благополучный. Екі жақ болып жоғары жақ келісу керек қой.

Руслан СҮЙІНШАЛИН, КӘСІПКЕР:  

Задаток беріп қойдым. Мал тұр. Малым туып қалды. Ауру деп шығарып жатыр. КБК осындағы өкілдеріне бізбен барсын, Хозяйстводан қанын алайық малдың, мында алып келейік. Лобаратория емес па, көрсетеді ауру ма ауру емес па? Дұрыс па?

Ақтөбедегі 50-ден астам шаруа тап осындай тығырыққа тірелген. Ал, Ресейдің мал әкелуге рұқсат етілген аймақтары мен алыс шетелден ірі қара сатып алу тиімсіз деп отыр.   

Талғат НӘЖМЕДЕНОВ, КӘСІПКЕР: 

Границаны жауып тастады. Пермский край, Татарстаннан әкел дейді. Оларда бір келіге 450-380 шығады. Сонда сиырлары 700-800 мың болады. Оны қайдан аламыз? Бізге берген ақшасы 463 мың кредит бойынша бір бас малға. 250 мың мен басқа ақша қосу керекпін.

Шаруалардың айтуынша, Ресейде аусыл дерті мен нодулярлы дерматитке карантин ресми түрде жойылған.» Бірақ, біздегі ветеринарлар шекараны ашуға асығар емес»-дейді. Енді бұл іске облыстың кәсіпкерлер палатасы араласпақ.  

Руслан КУЙШИНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазақстанның бұған дейін Ресейде карантин жарияланғанда шекараны жабуға негізі болды. Енді қазір Ресей шекараны ашып, карантинді жойдық деп отыр. Қазіргі кезде біздер оларға ресми сұраныс жібердік. Олардан жауап келген бойда біздің елдегі карантиннің жойылуын талап ететін боламыз.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

Кәсіпкерлерге қаржы игеруге берген уақыты да аз қалған. 20 күн ішінде олар Ресейден малын әкеліп үлгермесе, мемлекеттен алған қаражатын қайтаруы тиіс. Сондықтан, олардың карантин жойылып, шекараны ашылуын күтуден басқа амалдары қалмай отыр.

Б. Рахметова