Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдің карантинді аудандарынан ірі қара мал әкелуге салынған тыйымды алу жоспарда жоқ-АШМ

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2018
  • 2223

Ресейдің карантинді аудандарынан мал әкелуге салынған тыйым жақын арада алынбайды. Ақтөбелік фермерлер енді мал жеткізудің басқа жолын іздеуі керек. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері осылай деп хабарлады. Ал, тыйым салынған аймақтардың қатарында Челябі, Орынбор, Қорған, Свердлов және Омбы облыстары бар.  

Тұрсын ҚАБДУЛДАНОВ, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ресейдің 13 аймағынан малды әкелу мүмкін емес, өйткені онда нодулярлық дерматит бар. Сайтта барлық ақпарат бар. Мал әкелумен айналысып жүргендер барлығынан хабардар. Алдын ала қайда хабарласу керектігін және жануарлардың шыққан жерінің жағдайын қалай анықтау керектігін біледі. Малды сатқан фермерлер ақшаларын қайтарса, олар басқа өңірлерден мал сатып алады. Бұған ешқандай тиым салынбаған. 

Еске сала кетсек 50-ден астам ақтөбелік фермер «Сыбаға» бағдарламасымен несие алып, ондағы шарт бойыша шетелден асыл тұқымды мал әкелмек болған. Ал, мал карантинді аумақтардан сатып алынғандықтан, Қазақстанға кіргізе алмай әлек болып жүр. Шаруалар өзге өңірлер алыс әрі ондағы мал парқы тым қымбат екенін айтқан еді.  

Ә. Өмірзақ