Русский Сайттың толық нұсқасы

Франция мен Германия шекарасы қатаң бақылауға алынды

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2018
  • 4490

Франциядағы терактіден соң Германия көшелерінде қауіпсіздік күшейді. Қазір екі ел шекарасында мұқият тексеріс жүргізіле бастаған. Көршілес ел полицейлері де адамдарға оқ атқан лаңкесті іздестіріп жатыр. Күдікті-29 жастағы Страсбург тұрғыны Шериф Шекат. Бүгін оның суреті жария болды. Бұрын ол Франция, Германия және Швейцарияда 27 рет сотталған. Полицейлер қастандық жасаған қашқынды көрген жағдайда хабарлауды сұрайды. Қазір қаладағы жағдай тұрақталды. Еске салайық, Францияда тұрғындарға белгісіз ер адам оқ жаудырып, 4 адам қаза тапқан. 13 адам ауруханада. Әзірге күдіктінің әкесі мен екі бауыры тұтқындалды. Алайда, халық терактіге биліктің қатысы бар деп айыптап отыр. «Қымбатшылыққа қарсы шеруді тоқтату үшін әдейі ұйымдастырылған»- дейді. Ал, Франция билігі айыптауға қатысты әлі пікір білдірмеді.  

А. Бектас