Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бизнес бастау» бағдарламасымен кәсіп ашқандардың 80 пайызы ауылшаруашылығын тандаған

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2018
  • 2805

«Бизнес бастау» бағдарламасымен кәсіп ашқандарға бюджеттен 44 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Ал, олардың 80 пайызы ісін ауыл шаруашылығы саласында бастаған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев мәлімдеді. Оның айтуынша, бөлінген қаражат былтырғыға қарағанда екі есе көп.   

Арман ЕВНИЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Бұл салада жалпы 14 мың жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде 11 мыңы кәсіпкерлер осы бағдарламадан өтті. Олар кәсіптерін ашуға қол жеткізді. 80 пайызы бұл жобалардың ауыл шаруашылық саласында. Осы бағыттта жұмы істейтін боламыз палатамен бірігіп.

Д Сапарқызы