Русский Сайттың толық нұсқасы

Террористік белсенді аймақтардан оралған отбасыларындағы балаларды оңалту мәселелері талқыланды

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2018
  • 2944

Соңғы екі жылда елімізге Сирия мен Ирак сынды елдерден отыздан астам отбасы оралса, ондағы жүзге жуық санасы уланған бала оңалтуды қажет етеді. Бүгін Астанада террористік белсенді аймақтардан Қазақстанға оралған балаларды әлеуметке бейімдеу мәселелері талқыланды. Қазір бұл жұмыспен оннан астам дағдарыс орталықтары айналысады екен. Олар туғалы соғыстан көз ашпаған балаларға психологиялық, әлеуметтік қана емес, құжаттарын реттеп, заңгерлік кеңес береді. Қазақша сауат ашуға да көмектеседі. 

Ержан ЕРСАЙЫНОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАР ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:     

Біз жұмыс жасап жатқан арнайы органдармен берілген балалар олар, әрине, соғысқа қатысқан жоқ. Біз солармен ғана жұмыс жасап жатырмыз. Сирияда, Иракта туылған балалар араб тілінде тәрбиеленген, араб тілінде сөйлейді, оларды қазақша үйретіп жатырмыз.

Шенділер семинар барысында террористік аймақтардан оралған отбасылармен нақты жұмыс істейтін мамандардың пікірін тыңдады. Кейін бұл құжат заңмен бекітілетін болады.