Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың федералды қор резерві базалық үстемені 0,25 пунктке өсірді

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2018
  • 3203

Бұл уақытта АҚШ-тың федералды қор резерві базалық үстемені 0,25 пунктке өсірді. Сөйтіп, доллардың жылдық үстемақысы 2,25-2,5 пайызға жетті. Қор бұл шешімді ел экономикасының тұрақты өсімімен түсіндіреді. Инфляция да төмен 2 пайыз деңгейінде қалып отыр. Америкалық реттеуші биылдыққа осымен төртінші рет ставканы өсірді. «Наурызда, маусымда және қыркүйекте көтерген»-деп жазады «Рейтерс». Бұдан бұрын, 2015 пен 2016-да үстеме жылына бір-ақ рет өзгеріске ұшыраған. Бір қызығы, Федералды қор басшысы Джером Пауэлл бұған АҚШ Президентінің сын-пікіріне қарамастан барып отыр. Дональд Трамп үстемақыны көтеру экономикалық өсімді тежейді деген еді. Қордың доллар ставкасын арттыруы арзан кредит болмайды дегенді білдіреді. Демек, дамушы елдердің валютасына тағы соққы болады.  

Расул РЫСМАМБЕТОВ, ЭКОНОМИСТ:  

Федералдық қор жүйесінің мөлшерлемесі 0,25 пайызға артты. Бұл аз болып көрінгенімен, теңгенің құнсыздануына әкелуі ғажап емес. Ол басқа да факторлармен сәйкес келуі мүмкін. Айталық, Қазақстан доллардағы зайымдарды қымбатқа алатын болады. Бірақ, теңге қаншаға құнсызданатынын болжау қиын. Ол Қазақстанның жылды қалай аяқтайтынына және экономикалық ахуалына байланысты.

М. Дюсекина